Министр Көліктік бақылау комитетіне көліктер техникалық байқаудан өтетін орталықтарды көбейту үшін қажетті шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.
Асқар Жұмағалиев, сондай-ақ барлық техникалық орталықтардан келіп түсетін мәліметтерді орталықтандыру үшін ақпараттық жүйе құру мүмкіндігін талқылауды тапсырды.
«Мәліметтерді онлайн-режимде жол полициясы жүйесіне беру мәселесін қарастырамыз»,- деп мәлім етті министр осы мәселе бойынша.
Бүгінгі таңда Астанада міндетті техникалық байқау өткізетін 3 станса жұмыс істейді. Ал жалпы Қазақстан бойынша мұндай 52 орталық бар.