* * *
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы № 617
2012 жылғы 19 қыркүйек, Астана қаласы
Мемлекеттік органдардың интернет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың интернет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет ресурсында орналасуын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына - Мемлекеттік органдардың интернет-порталы қатысушыларының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Құжаттың толық мәтіні