АӘК алушы 21 мыңнан астам отбасы нақты табысын жасырған - министрлік

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің заңдылығын қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жұмыс топтарының өңірлерге шығуы және «Е-Халық» ақпараттық жүйесібазасында жүргізген талдау барысында учаскелік комиссиялардың отбасыныңматериалдық жағдайын анықтауға немқұрайлы қарау, кәсіпкерлік (еңбек) қызметтентүскен табысты «жасанды» төмендету, еңбек қатынастары мен жеке қызмет бойыншатіркеудің болмау фактілерін анықтады», делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, осылайша АӘК алушылартарапынан табысын жасыру ең көп таралған бұзушылық болып отыр.

Мысалы, кәмелетке толмаған екі бала тәрбиелеп отырған Алматы облысының 25жастағы тұрғыны мамыр айында АӘК алу үшін жүгінген. Табыс ретінде ол жұбайыныңжалақысын 43 мың теңге деп көрсеткен. Бұл мәлімет міндетті зейнетақы жарнасыменрасталып, отбасыға жылына 739 860 теңге мөлшерінде АӘК тағайындалған. Алайда,шілдеде жұмыс беруші бірінші тоқсан үшін қосымша 77 100 теңге көлемінде қосымшазейнетақы жарнасын төледі. Осылайша, өтініш берушінің нақты табысы айына 300мың теңгені немесе 2019 жылғы бірінші тоқсанда 900 мың теңгені құрап отыр.

Тағы бір мысал: Маңғыстау облысының 25 жастағы тұрғыны сәуір айында отбасықұрамында 3 адамды, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланы көрсетіп, АӘК-кеқұжат тапсырған.Табыс ретінде ол 42 353 теңге жалақысын ғана көрсетіп, оған 4235 теңге мөлшерінде МЗЖ төленген.Оған АӘК 706 944 теңге сомасында тағайындалды.Оғанқаңтар-наурыз айларындағы еңбегі үшін маусым айында жалпы сомасы 86 617 теңгеқосымша жарна төленді. Тиісінше, жәрдемақы алушының жалпы табысы 2019 жылғыбірінші тоқсанда 908 527 теңгені құрап отыр.

Осылайша, бұл азаматтар өздерінің табыстарының АӘК беру өлшемдерінен асыптүсетінін біле отырып, олардың мөлшерін төмендетіп, әлеуметтік қызметтергежалған ақпарат берген.

«Е-Халық» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, 21 мыңға жуық отбасытабысы төмен және мұқтаж отбасыларға ғана берілетін атаулы әлеуметтік көмектізаңсыз алу үшін өздерінің нақты табысын жасырған.

Осыған байланысты, министрлік әкімдіктермен бірлесіп, «Мемлекеттік атаулыәлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының заңын бұза отырып рұқсатсызтөленген төлемдерді қайтару және қайта қарау, заңбұзушылықтардың алдын-алубойынша әрбір анықталған факті бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізеді», делінгенхабарламада.

«Биылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млнқазақстандық қамтылған. Жәрдемақы алушылардың көбі Түркістан облысында – 498,7мың адам, Алматы облысында – 225,4 мың адам, Шымкент қаласында – 216,3 мың адам.Жәрдемақы алушылардың 42%-ы - қала тұрғындары, 58%-ы - ауыл тұрғындары.

1 тамызға шейін 103 млрд теңге сомасында АӘК төленді. Бір отбасына төлемніңорташа мөлшері айына 86 мың теңгені құраған», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар