АӘК-ні заңсыз алғандарға қандай шара қолданылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – egov.kz порталында «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына енгізілетін өзгерістер талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында өтінішберушінің жалған ақпараттыжәне (немесе) дұрыс емес мәліметтер көрсеткен фактілер мен деректер анықталған жағдайда, орталықнемесе әкім ауылдықжерде тиісті фактілер немесе мәліметтер анықталған күннен бастап бір жұмыс күніішінде уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді», - делінген құжатта.

Құжатта артығымен төленген немесе негізсіз төленгенсомалар туралы фактілер белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішіндеуәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек алушыға ақшаны ерікті түрде қайтару туралыжазбаша хабарлама жібереді. Хабарламажіберілген күннен бастап АӘК-ні төлеу тоқтатылады.

Атаулы әлеуметтіккөмекті артығымен немесе негізсіз алған азамат оны хабарлама жіберілген күнненбастап бір ай ішінде қайтармаса, уәкілетті орган аталған соманы қайтару бойыншасот тәртібімен шаралар қабылдайды. Сотқа арыз атаулы әлеуметтік көмек алушыныңтұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндекөзделген тәртіппен беріледі.

2019 жылғы 15 тамыздағы деректерге сәйкес, атаулыәлеуметтік көмекпен 1,8 млн қазақстандық қамтылған. Әлеуметтік төлем алатынтұрғындары көп өңір Түркістан облысы - 498,7 мың адам. Алматы облысында 225,4мың, Шымкент қаласында 216,3 мың адамалады. Әлеуеттік көмек алушылардың шамамен 42 пайызы қала, ал 58 пайызы ауылтұрғындары. 1 тамыздағы дерекке сәйкес,төленген атаулы әлеуметтік көмек сомасы 103 млрд теңге. Бір отбасыға берілетінтөлемнің орташа көлемі айына 86 мың теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар