АӘК тағайындау проактивті форматқа ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) проактивті форматта тағайындалатын болады. Шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін енгізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.