#Abai175: Берік Уәли эстафетаны жалғастырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай өлеңін оқу эстафетасын жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқуэстафетасына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үлкен мән беріп, осы бастаманыжалпыхалықтық деңгейге көтерді. Өзі де Абай Құнанбайұлыныңөлеңінен үзінді оқыды, оны жақсы білесіздер.



Осы эстафетаны Президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннен,Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов мырзадан және павлодарлық достарНұржан мен Русланнан, сондай-ақ, сыныптасым Айраттан қабыл алдым», - деп жазады Берік Уәли facebook парақшасында.

Сондай-ақ, ол Абайкүллі қазақтың темірқазығы, алты Алаштың руханиазығы! Сондықтан, ешбір қазақ баласы осы эстафетадан тыс қалмайтындығын жеткізді.

«Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ҚРПарламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға,вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова ханымға және айтыскер ақын Ринат Зайытовқа,сондай-ақ, барша әріптестеріме жолдаймын», - деді ол.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.




Соңғы жаңалықтар