#Abai175 челленджі: Алматылық шаштараз ақынның портретімен шаш үлгісін жасады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматылық 6-сынып оқушысы Әлихан Ерболат ұлы ақын Абай Құнанбаевтың портреті бар шаш үлгісін жасаған. Бүгінде Әлиханның шаш үлгісі әлеуметтік желіде кеңінен тарап, талқылануда. Сондай-ақ адамдар жасөпірімді көшеде танып, амандасатын көрінеді. Осы тұрғыда ҚазАқпарат тілшісі мұндай шаш үлгісін жасаған шаштаразбен және оған келіскен оқушы баланың анасымен хабарласқан еді.

«Танымалтұлғалардың бейнесін келтіріп шаш қидыру бізге енді келіп, белең алып жатқанымен,шетелде бұл таң емес. Шашқа портрет салуды осыдан бір жыл бұрын қолға алып,айналыса бастадым. Әрине, шетелде бұл сән болғанымен, біздің менталитет басқаболғандықтан барлық адамдар бұл трендті қабылдай қоймайды. Десек те, бұл өнер.Себебі жеке адамның оның үстіне, танымал тұлғаның бейнесін ұқсатып шаш қию - оңайемес» , - деді шаштараз Меруерт Давлетова.

Оның айтуынша, ақынпортретін салуға бүгінде елімізде кеңінен таралып жатқан #Abai175 челленджісебеп болған.

«Қазақстан бойыншаәлеуметтік желілер арқылы Абай Құнанбаевтың өлеңін оқу челленджі кеңінен тарауда.Мен негізі, әлеуметтік желідегі мұндай байқау, жарыстарға мән береқоймайтынмын. Дегенмен, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші ДимашҚұдайбергеннің ақын өлеңінен үзінді оқығаны ерекше әсер қалдырды. Соданбұл эстафетаны өз бетімше кәсібіммен байланыстырсам деген идея келді. Бұғандейін президент Қ. Тоқаевтың портретін келтіріп шаш үлгісін қиғанмын. Мемлекет басшысының бейнесімен шашқию идеясын менің клиентім ұсынды. Содан соң әлеуметтік желі арқылы адам іздеп, нәтижесінде Президент портретін алматылық жігіттіңшашына салдым. Дегенмен,сол кезде Президентсайлауына қызу дайындық жұмыстары жүріп жатқандықтан, жауапкершілікке тартылып кетпейік дегеноймен шаш үлгісін сол сәтте қайтаөзгертіп тастадық.


Шынымды айтсам,екеуінде де қатты қобалжыдым. Себебі, біріншіден - бұл біреудің шашы, оны жұртқа күлкі болмайтындай етіп дұрыстапалу керек.Екіншіден, бүкіл ел танитын атақты адамдардың бейнесін ұқсата алам ба дегенкүмән болды», - дейді ол.

Сондай-ақ бізАбайдың бейнесін шашына салуға келіскен оқушының анасымен тілдестік.

«Бұл оқиға күтпеген жерден болды. Instagramпарақшасы арқылы шаш алдыратын модельдер керек деген хабарландыруды оқып, солбойынша хабарластық. Бірақ бізге Абай Құнанбаевтың портретін салатынын айтқан жоқ. Жай ғана «келіңіз!» деді. Абайдың суретін салатынын баламбарған соң ғана біліпті. Әрине, қарсы болмаған. Өзіміз баламыздың ерекше шаш үлгісітуралы үйге келген соң ғана білдік. Жеке тұлғалардың портреті бейнеленген шашүлгісі жиі кездесе бермейтін болған соң, көп адамдар қызық көріп қарап, кейбірадамдар баламмен өздері келіп амандасып жатады», - деді Әлиханның анасы Ақбота Балжанова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Еске сала кетсек,ең алғаш болып ұлы ақынның өлеңдерін оқу #Abai175 эстафетасын 9 жасар мектепоқушысы бастап, Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Кейін оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқанталантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Онан соңРесейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алған болатын.

Сонымен қатар, челленджді «ҚазАқпарат»халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып,Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады және эстафетаны «Татар-Информ» ақпаратагенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне,«Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдаған еді.

Соңғы жаңалықтар