#Abai175: Фанаттар эстафетаны Димаштың ата-анасына жолдады

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаштың фанаттары Абай өлеңдерін қазақ тілінде оқып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің әртүкпіріндегі фанаттар Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты өлеңін жатқа оқыды.

Олар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Димаштың ата-анасыҚанат-Света Айтбаевтарға, дирижер Михаил Котельниковқа, әнші Анита Цой менактер Санжар Мәдиге, Германиядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісіДәурен Кәріповке жолдады.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эстафетаны Димаш Құдайбергенгежолдаған болатын. Ал әнші өз фанаттарына кезек берді.