#Аbai175: Қандай шаралар өткізілетіні айқындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әр қазақ «Абайдың сөзінен тағылым алдым ба?» деп ойлануы керек. Бұндай пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегімемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл жиын барысында алдағымерейтойдың жай-жапсары, атқарылатын істің ауқымы айқындалды. Атқарылатыншаралардың сыртында, ең үлкен жұмыс біздің өзіміздің ішімізде, жүрегемізде жасалуы керек деп санаймын. Әрқазақ «Абай атамыздың айтқанын тыңдадым ба? Кемеңгердің сөзінен тағылым алдымба? Қазір қандаймыз, Абай күткенхалықпыз ба? Абайдың аманатын ақтадық па?» деген тұрғыда ойланып, толғанса, еңүлкен олжа сол балады. Біздің халқымыз Абай өлеңдерін тек жаттаумен тынбай, ішкітүлеуге көп көңіл бөлсе дейміз», - деп тоқталды Сауытбек Абдрахманов.

Сонымен қатар,депутат Ұлы Абайдың 175 жылдығына орайақын өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты өз ойын айтты.

«Халықтың осы мәселеде ерекше сілкіністе тұрғандығы #Abai175челленджінен жақсы көрініп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастапхалықтың белгілі тұлғалары, қарапайым азаматтар Абай өлеңдерін жаттап,бір-біріне жалғастырып жатқаны бір ғанибет», - деді С.Абдрахманов.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасарыГүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны,ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегімемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Жиын барысында халықаралық, республикалық және өңірлікдеңгейдегі 500-ге жуық түрлі шара қамтылған Абай Құнанбайұлының 175 жылдықмерейтойына дайындалу мен өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасықаралды.