#Abai175: Қырымбек Көшербаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын оқуэстафетасын кішкентай Ләйлімнен қабылдап, өзі де жалғастырғанын білесіздер. Бұл бастама қазір жалпыхалықтық сипат алды. Тағылымды эстафетаны әйгіліөнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алған Президент ӘкімшілігініңБасшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы ақынның масылдық туралы ой-пікірлерінен үзіндіоқып, қазақ ғылымының майталмандары, академиктер Төрегелді Шарманов пен АсқарЖұмаділдаевқа және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегеріЭлизабет Тұрсынбаеваға жолдады», - деді Берік Уәли.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.



Соңғы жаңалықтар