#Abai175: Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан эстафетаны қабылдады

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ұлы Абайдың175 жылдығына арналған эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа Қазақ ұлттық өнеруниверситетінің 6-сынып оқушысы Медея Даниярқызы, Сириядан оралған қазақстандықБалжан Абдрахманова, «Ақ Жайық» газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық№18 мектептің 9 – сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай–ақ, кино режиссеріТалғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев жолдаған болатын.

Атырауоблысының әкімі Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты шығармасыноқып, эстафетаны профессор Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа, экономикағылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Соңғы жаңалықтар