#Abai175: Ольга Рыпакова Абай шығармасын оқыды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған челлендж жалғасуда. Ақынның өлеңдерінің бірін 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада чемпионы, әйгілі жеңіл атлет Ольга Рыпакова оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Танымал спортшы эстефетаны Шығыс Қазақстан облысы әкімініңорынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызынан қабылдағанын айтады.

О.Рыпакованың Абай шығармасын оқыған видеосы Facebook желісінде жарияланды.

Ольга Рыпакова эстафетаны Олимпиада чемпионы, халықаралықдәрежедегі спорт шебері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиевке және қазақстандық танымалфристайлшы, 2018 жылғы Олимпиаданың қолажүлдегері Юлия Галышеваға жолдады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Соңғы жаңалықтар