#Abai175: Павлодар облысының әкімі 5 жасар баладан эстафетаны қабылдап алды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі 5 жсар баладан Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетана қабылдап, ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңір басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Қадірлі жерлестер! Еуразия континентініңнақ ортасында, Ұлы ақынның ата қонысы, қасиетті де киелі - Жидебай жерінде АбайҚұнанбайұлының 175-жылдығына арналған өлеңдерін оқу эстафетасына қатысуды жөнкөрдім. Эстафетаны Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылында тұратын 5 жастағыӘлиден қабылдап, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахимардан ҚайдарұлыӘбіловке және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Құрманова АйзадаАмангелдіқызына жолдаймын»,-деп жазды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Аталмыш эстафетаны облыс әкімдері, шетелдіктер жәнедипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, жазушылар, БАҚ өкілдері, өнержұлдыздары тағы басқа көптеген азаматтарқабыл алды.