#Abai175: Поэзия эстафетасы Татарстанда кең тарап жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған челендж бауырлас татар елінде кең тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

#Abai175 челеджін«ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінен қабылалған «Татар-Информ» ақпаратагенттігі эстафетаны Татарстанның «Болгар» радиосына жолдаған.

Радио ұжымы челенджді асқан ықыласпенқабылдағандарын айтты.

Осылайша,радионың бас редакторы,продюсер Ильфар Каримов, жүргізуші Айгүл Хайруллина, жүргізуші ЗүлфияГильмутдинова, жүргізуші Фаиль Гимадов, дыбыс режиссеры Альфинур Хисами, «Жаңалықтар»бөлімінің қызметкері Камиля Шагабиева Абай өлеңдерін татар тілінде сөйлетті.



ҚР ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабылалып, оны Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетовке және бүкіл әлемдімойындатқан талантты әнші ДимашҚұдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой ДимашҚұдайберген жолдаған эстафетаны қабылалған болатын.

Аталмышэстафетаны «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы «EgemenQazaqstan» газетінен қабыл алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады жәнеэстафетаны «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар»ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдағанеді.

Соңғы жаңалықтар