#Abai175: Пойыз ішінде Абай шығармалары орындалады

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында Павлодар-Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан-Павлодар теміржол бағыты арқылы қатынайтын пойызда жолаушылар арасында ақын шығармашылығы насихатталатын болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл топтыңқұрамында өңірге танымал жыршы, абайтанушы Даниял Әсенов, Иса Байзақов атындағыПавлодар облыстық филармониясының әншісі Жанболат Байсолтан және С.Торайғыроватындағы облыстық ғылыми кітапхананың 3 қызметкері бар..

«Хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырғаншара арқылы халыққа ақын шығармасының негізгі идеясын, философиясын жеткізебілуіміз керек. Бұлжобаға қатысушылар Абай шығармаларын насихаттайтын болады. 1993-1994 жылдарыАбай Құнанбайұлының 150 жылдығы қарсаңында өткізілген шараларда мектепұжымдарын аралап, ақын өлеңдерін, қара сөздерін оқыған болатынмын. Содан беріширек ғасыр өтіпті. Бабамыздың мерейтойы тағы тойланғалы жатыр. Сондықтантағылымы мол мұндай шараларда Абай өлеңдерін қуана оқитын боламын», - дейді Даниял Әсенов.

С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапханабасшысының орынбасары Баршагүл Тәженова «Абай жолы» жобасы 1 жыл бойыөткізілетінін айтады. «2019 жылдың 15 тамызында бастау алған шара 2020 жылдың15 тамызына дейін ұйымдастырылатын болады. Жобаның алғашқы қатысушылары Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытыбойынша жолға шыққан жолаушыларға ерекше сый дайындамақ. Бұл ретте ДаниялӘсенов Абай шығармаларын оқыса, әнші Жанболат Байсолтан ақын әндерін шырқайтынболады. Ал кітапхана қызметкерлері жолаушылар арасында Абай Құнанбайұлыныңөмірбаяны мен шығармашылығы жайында викториналық ойын ұйымдастырып, теміржолқызметкерлін «Инстаграмм» парақшасында челленджге қатысуға шақырамыз.Жеңімпаздарға дайындаған сыйлықтарымыз бар», - дейді Б.Байжанова.

Ол бір жыл бойыөткізілетін жоба аясында алты рет жолға шығатындарын атап өтті. Топ құрамы ауысып отырмақ. Осылайша, жобаның алғашқыкүнінде таңғы сағат 8.10-да Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытында жолғашықса, кешкі сағат 18.00-де Нұр-Сұлтан-Павлодар бағытыбойынша да қатынаған жолаушыларға ақын шығармашылығын насихаттап, әннен шашушашатын болады.

Соңғы жаңалықтар