#Abai175: Ресейдің шоу-бизнес өкілдері Абай өлеңдерін оқыды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейлік шоу-бизнес жұлдыздары Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабыл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Муз-ТВ телеарнасының бас директорыАрман Дәулетияров өлең оқу тапсырмасын Ринат Гайсин мен Нұрболат Абдуллинненқабылдаған. Ол Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінен үзінді оқыды жәнеэстафетаны ресейлік әнші Валерияға, продюсер Иосиф Пригожинге, Евгений Плющенкомен Ана Рудковскаяға, Қазақстанда Алтай Көлгінов пен Бауыржан Байбекке жолдады.

Өз кезегінде танымал әнші Валерияұлы Ақынның «Не упивайся праздной красотой» өлеңін орыс тілінде оқыды жәнеэстафетаны Лера Кудрявцеваға жолдады.

Продюсер Иосиф Пригожин «Әсемпазболма әрнеге» өлеңін орыс тілінде оқыды және кезекті А-Студио тобының жетекшісіБайғали Серкебаевқа жолдады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚРПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабылалып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спортминистрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші ДимашҚұдайбергенге жолдаған еді.


Соңғы жаңалықтар