#Abai175: Жалпыұлттық челендж халықаралық сипат ала бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасына Димаштың италиялық жанкүйері де үн қосты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайбергеннің 73 жастағы тыңдарманы ұлы ақынның «Әсемпаз болмаәрнеге» өлеңін қазақ тілінде мәнерлеп оқыған. Аталмыш видеоны ҚР Президентінің баспасөзхатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

Берік Уәлидің айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үн қосқан эстафета бірден жалпыұлттық сипаталған.

«Тақтағы патшадан таяқ мінген балаға дейін xакім Абай сөзін жатқа соқсақ,елдің ертеңі қалай екенін бағамдауға болатын шығар», - деп жазған баспасөзхатшы өзге этнос өкілдерінің де эстафетаға қазақ тілінде үн қосқан бейнетүсірілімдерінсалған. Олардың бірі өлең оқыса, бірі Абайдың әндерін нақышына келтіре орындағанын көруге болады.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектепоқушысының эстафетасын қабыл алып , оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайбергенжолдаған эстафетаны қабыл алған болатын.




Соңғы жаңалықтар