деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Олар тергеуде отырған азаматқа сәлем-сауқат әкелген Шығыс Қазақстанның тұрғынын ұстады. Әкелінген азық-түлікті тексеру кезінде тоқаштардың ішінен жалпы салмағы 6 грамдай героин салынған жеті полиэтилен түйіншектері табылды.
Осындай тағы бір қылмыс Ақтөбе қаласының тергеу абақтысында да тіркеліп отыр. Облыс тұрғыны героинды абақтыға палаудың ішіне салып жеткізбек болған. Ең қызығы, бұл есірткі қылмысы үшін істі болып, абақтыда отырған тұлғаға арналған болып шықты.
Екі факті бойынша да процессуалдық шешім қабылдау мәселесі қаралуда.