Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапындағы алғашқы голын соқты

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов түркиялық «Адана Демирспор» клубы сапындағы алғашқы голын соқты.

Фото: Астана ФК баспасөз қызметі

Бүгін «Адана Демирспор» ел біріншілігінде «Антальяспор» командасымен кездескен еді. 

Қазақстандық футболшы 46-минутта жасыл алаңға шығып, 65-минутта қарсылас команда қақпасын дәл көздеді. 

Оған бір командада ойнайтын әріптесі, алжирлік Юсеф Атал пас шығарып берді. 

Кездесу барысында «Адана Демирспор» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Абат Айымбетов «Адана Демирспор» клубына биыл ақпан айында ауысты. 
 
Келісімшарт 1,5 1 жүйесі негізінде жасалған. Ол түркиялық командада сенегалдық шабуылшы Мбайе Ньянгудің орнын басты.

Абат Айымбетов 1995 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. 

Футболдағы алғашқы қадамын 2012 жылы «Ақтөбе» командасында бастады. Одан кейін алматылық «Қайрат», елордалық «Астана» клубтарында ойын көрсетті.

Ұлттық құрама сапында 2019 жылдан бері 3 ойын көрсетіп келеді. 

«Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетіп келеді.

Түркия суперлигасының 37-турынан кейін команда 44 ұпаймен он бірінші орында келеді.