АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов түркиялық «Адана Демирспор» клубына ауысуы мүмкін. Бұл жөнінде түркиялық спорт басылымдары хабарлады.
Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, команда мен футболшы арасындағы келісімшарт жақын күндерде жасалады.
«Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетіп келеді. Түркия суперлигасының 23-турынан кейін команда 31 ұпаймен сегізінші орында келеді.
Айта кетсек, былтыр Абат Айымбетов елордалық «Астана» сапында барлық турнирде 45 ойында 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ, ұлттық құрама сапында 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында 9 ойында 3 голдың авторы атанды.
Еске салсақ, биыл футболдан Қазақстан Бірінші лигасында қандай командалар өнер көрсететіні белгілі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.