Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлердің келесі кезеңі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Фото: Ақорда

Комиссия мүшелері әдебиет және өнер салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 32 жұмысты қарады.

Құрамына еліміздің зиялы қауым өкілдері енген комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның биылғы Мемлекеттік сыйлыққа түскен жұмыстар туралы ақпаратын тыңдады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Комиссия конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлерді анықтады.

Айта кетейік, бұған дейін Президент кеңесшісі Ерлан Қарин 1 шілдеден бастап реформалардың үшінші кезеңі басталғанын, Құрылтай депутаттарын сайлау мен Қазақстан Халық Кеңесін құру арқылы мемлекеттік-саяси модельді жаңғырту жалғасатынын айтқан болатын.