Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Халықаралық жас физиктер мектебі ашылды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Халықаралық жас физиктер мектебі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР ҰҒА академигі Нұрғали Тәкібаевтың жетекшілігімен жұмыс істейтін бұл Орталық әлем бойынша 4-ші мектеп болып отыр. Қазіргі кезде осындай орталықтар Жапония, Ресей, Латвия елдерінде ашылып, жұмыс істеуде.«Орталықты ашудағы мақсат - физика, астрономия, аэроғарыш саласындағы шетелдік тәжірибелерді үйрену, студенттердің тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік туғызу.Осы мақсатта алдағы уақытта мектепте шет елдік, отандық белгілі ғалымдар, мамандардың дәрістері, шеберлік сыныптары өткізіліп тұратын болады», дейді Н. Тәкібаев.Мектептің ашылуына ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі, "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компанияның өкілдері, Өзбекстан, Ресей, Латвия, Жапония және басқа да мемлекеттердің жас физиктері мен атақты ғалымдары қатысып, мектеп жұмысына табыс тіледі.