Абай атындағы ҚазҰПУ- да интеллектуалды ?элиталы студенттердің Абай мектебі ашылады

АЛМАТЫ . Мамырдың 14 –і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/- Интеллектуалды –элиталы студенттердің Абай мектебінде белгілі саясаттанушылар, депутаттар, дипломаттар, тарихшылар, психологтар, педагогтар, іскерлер,өнер мен мәдениет қайраткерлері арнайы дәріс оқып семинар- тренингтер мен шеберлік сыныптарын жүргізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.А.Құнанбаев шығармаларынан арнайы комиссияның емтиханынан өткен ғылыми әлеуеті жоғары, бірнеше тілді меңгерген ұлтжанды, жаңа технология тілін жете түсінетін жастар бір ортаға жиналмақ . Мақсат - Абай мектебін күтілетін нәтижеге сай әр түрлі тақырыптарда өткізілетін кездесулер, дөңгелек үстелдер мен мәдени- ғылыми шаралардың ортасына айналдыру. Интеллектуалды-элиталы студенттерге тұрақты түрде Абай Құнанбаевтың шығармаларын талдап,өлеңдері мен қара сөздерін терең түсіндіру үшін мақсатты түрде жұмыс атқаратын Абайтанушы- ғалымдар дәріс оқиды .