деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мерекелік кеш Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы мен Қазақстан халқы ассаблеясының өкілдерінің қатысуымен өтті.
Мерекелік іс-шарада университетте білім алып жатқан өзге ұлттың өкілдері өнерлерін паш етті.
"Бүгінгі таңда қазақ тілінің мәртебесі көтерілді, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау тауып жатыр. Міне, көріп отырғанымыздай Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметі да артып келеді. Біздің өзге ұлт өкілдерінен құралған студенттеріміздің ана тілін үйренуге деген құлшынысы зор. Мемлекеттік тіліміздің қоғамдық өмірден өз орынын алып отырғаны көңілге қуаныш сыйлайды. Еліміздің ұлтаралық саясаты Қазақ жерінде тағдыр табыстырған, тілі басқа, тілегі бір, сөзі басқа, жүрегі бір әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық құндылықтарының басы болып саналатын тілдеріне құрмет көрсету, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілді меңгеруге ынталандыру, ұлт пен ұлыстар бірлігін, достығы мен ынтымақтастығын арттыру, азаматтық рухты нығайту болып табылады. Біздің бүгін өткізіп отырған мерекелік кешіміз елді сыйлау мен тілді жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында өткізіліп отыр", - деді университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының докторы Жанатбек Ішбекбаев.
Кештің соңы университет студенттері ұйымдастырған мерекелік концертке ұласты.