Бұл акция қан қатерлі ісігі күніне байланысты қоғамның назарын осы аурумен күреске аудару үшін ұйымдастырылды.
Жыл сайын әлемде 1 қазанда қан қатерлі ісігімен күрес күні аталып өтеді.
Бұл шара қауіпті дерттің алдын алу емдеу, анықтаудың маңыздылығын білдірсе керек.
Жыл сайын жер бетінде 5 000 адам қан қатерлі ісігіне шалдығады екен. Қазақстанда бұл дерт онкологиялық аурулардың алғашқы ондығына кіреді. Соңғы 5 жылда ауыру саны артып келеді. Өткен ғасырдың соңында мұндай науқастар емделуге үміттене алмаса, қазір медициналық технологиялардың арқасында өмірін ұзартуға мүмкіндік алды.
фото: https://www.dailynews.kz