деп хабарлайды ҚазАқпарат Университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚазҰПУ елімізде педагог мамандарды дайындайтын байырғы және жетекші жоғары оқу орны. Онда қазіргі таңда 15 мыңнан астам студент білім алуда. Білім ордасында 10 факультет, 72 кафедра және ғылыми-зерттеу орталықтары мен Ұлттық ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесі жұмыс істейді. Университет еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындары үшін оқулықтар, әдістемелік оқу құралдарын әзірлейтін ғылыми орталығы саналады. Биыл оқу орнын 3026 студент бітіріп шықпақ. Оның 233-і қызыл дипомның иесі.