ТЖД хабарлағандай, Бекет АЦ-40 өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған.
Қазірдің өзінде әскери кезекшілікке үш адамнан тұратын жеке құрам кірісті.
Өрт сөндірушілер арнайы киіммен қамтамасыз етілген.
Өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуына Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев және Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов қатысты.
«Жаңа бекеттің жұмысы Самарка ауылында ғана емес, ауданның жақын
орналасқан елді мекендерінде тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін
айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ибрагим
Күлшімбаев.
Облыстың көптеген кенттері мен ауылдары аудан орталықтарынан едәуір қашықтықта орналасқан. Бұл құтқарушылардың келу уақытына айтарлықтай әсер етеді. Жаңа өрт сөндіру бекетінің жұмысы жақын маңдағы елді мекендердегі төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.