Абай Бегеймен бірге Куба еліне «Синфрантера» тобы, режиссер Рахман Кенжебеков, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының басшысы ұшпақ. Әнші Куба елінде үш бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Оның бірі «Синфрантера» тобымен орындалатын әніне және өзінің жеке екі әніне. Алайда нақты қай әнге сюжет жасалатыны құпия ұсталып отыр.
Бұл сапарға жұмыс тобы жарты жыл бойы дайындалған. Кубалық режиссерлер мен техника мамандарымен келісімшарттар жасалды. Олар әншімен және оның тобымен жұмыс жасауға дайын. Бірінші бейнебаян эфирге наурыз айында шығады деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай Бегей «Синфрантера» тобымен «Аспанға қараймын» әніне бірігіп бейнебаян түсірген болатын.