Абай Дүйсенов «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен Дүйсенов Абай Сембайұлы басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Абай Дүйсенов 1974 жылы 3 қарашада дүниеге келді.

Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін «инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша, Қазақстандық менеджмент, экономика және стартегиялық жоспарлау институтын (KIMEP, MBA) аяқтады және Т.Рысқұлов атындағы университет пен Швейцариядағы Еуропалық университеттің бірлескен бағдарламасы бойынша DBA дәрежесін алды. Сонымен бірге ақпараттық технологиялар саласында оқуды Оңтүстік Кореяда жалғастырды.

Еңбек жолын 1997 жылы ақпараттық технологиялар институтының маманы ретінде бастады. «Қазақтелеком» АҚ шамамен 20-жылдық жұмыс кезеңінде Абай Дүйсенев мансап жоғарылауының барлық сатыларынан өтіп, 2010 жылы басқарушы директор қызметін атқарды.

«Қазақтелеком» АҚ жұмыс жылдары жүйелік интеграцияны құрастыру мен ілгерілету, компания бөлімшелерін басқару мен үйлестіру, мемлекеттік және халықаралық маңызы бар жобаларды үйлестіру жұмысына тікелей қатысты. Бұдан басқа компанияның электрондық үкімет секторы саласында (e-government, e-akimat) жүзеге асырылып жатқан жобаларды құрастыру мен басқарумен айналысты.

А.Дүйсеневтің басшылығымен деректер мен бұлтты сервистерді сақтау мен өңдеу инфрақұрылымын құруға бағытталған осы заманғы АКТ-шешімдер енгізілді. «Қазақтелеком» АҚ жұмыс кезеңінде жетекшілік еткен сұрақтар саласына мемлекеттік сектор үшін қазіргі заманғы IT-шешімдер мен қызметтер спектрін кеңейту арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық ортасы мен жүйелерін дамыту кірді.

2013 жылы Абай Дүйсеневқа «Үздік байланысшы» жоғарғы кәсіптік атағы берілді.

                                                                                              ***

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ - бағдарламалық қамтамасыз ету мен құралдардың интеграциясы негізінде ақпараттық міндеттерді кешенді шешу бойынша қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар саласының операторы.