деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала күні құрметіне елордадағы руханият өкілдері де қағыс қалмақ емес. Астаналық ақындар мен жазушылар Абай ескерткішінің жанында жыр оқиды. Деректі және көркем шығармалардан үзінділер тыңдалады. Сондай-ақ баспагерлер кітап көрмесін ұйымдастырады. Көрмеден қолың жетпей жүрген кітапты сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл кештің артықшылығы - қаламгерлер оқырмандармен жүздесіп, қандай тақырыпта шығарма оқығысы келетінін сұрап білетін болады.
Дегенмен, елорда күн құрметіне арналған бұл рухани кеште негізінен, Астанаға арналған туындылар көбірек оқылатын болады.