27 орамның бірнеше аулаларында және 3-шағын аудандағы № 37, 38, 39, 40 және 41 үйлерде жиектастар орнатылған жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, содан кейін жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарлар жөнделеді. Сонымен қатар, мұнда орындықтар, балалар алаңы және тұрақ орындарын асфальттау жоспарланған.
«Қалада Школьная көшесі мен 4-шағынауданда заманауи балалар алаңдары орнатылды. Шағын ауданда футбол алаңы да жабдықталған. Енді бұл алаңдар балалардың серуендейтін сүйікті орнына айналды», – деп атап өтті Абай қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы Мәди Құсайынов.
4-ші шағынауданның тұрғыны Гүлмира Мүкенова балаларының жаңа алаңда қуана ойнайтынын айтты.
«Бұрын біздің шағынауданда балалар алаңда ойнады, онда ештеңе болған жоқ. Енді балалардың қуанышында шек жоқ. Олар үшін барлықталаптарға сай жаңа заманауи алаң пайда болды», – дейді Гүлмира Мүкенова.