Аймақ басшысы «Жігер» қалалық стадионында болып, су жаңа екі спорттық нысанның тұсаукесер рәсіміне қатысты.
Абайда балларға арналған бассейн және роллердром ашылды. 35 балаға шақталған 13, 2 млн. теңгеге салынған бассейн барлық стандарттарға сай.
Балалардың дене шынықтыру мен спортқа көңіл бөлуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Бассейнде тек су спорты ғана емес, қажетті барлық құрал-жабдықтар қойылды.
Ал арнайы роллердромның ауданы 1300 шаршы метрді құрайды, қалалық бюджеттен 16,4 млн. теңгеге салынды. Мұнда бірқатар спорттық-бұқаралық шаралар - скейтборд тебу, көше билері және т.б. бойынша жарыстар өткізілмек.