«Абай-Қарағанды» көлік жолында мемлекеттік нөмірсіз скутердің 17 жастағы жүргізушісі жол апатының себепкері болды
09:39, 06 Тамыз 2012
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - «Абай-Қарағанды» көлік жолында мемлекеттік нөмірсіз скутердің жүргізушісі - 10-сынып оқушысы жол-көлік оқиғасының себепкері болды.
Осылайша, 4 тамыз күні сағат 00:30-да 10 сыныпта оқитын 17 жасар бозбала мемлекеттік нөмірсіз болған скутермен «Абай-Қарағанды» көлік жолымен Ақтас кентіне қарай беттеді, Ново-Дубовка кентінен 900 метр жерде оны игере алмай, 57 жастағы ер адамның жүргізуіндегі «Дэу-Нексия» көлігімен соқтығысып қалды.
Осыдан кейін оқиға орнынан қашуға әрекеттену кезінде Шахтинск қаласының 32 жастағы тұрғынының жүргізуіндегі «Фольксваген-Гольф-3» көлігімен жанама соқтығысты.
Апат салдарынан түрлі жарақат алған скутердің жүргізушісі мен оның қасында отырған 1997 жылғы жолаушы Қарағанды қаласының медициналық мекемесіне жеткізілді.