Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының ХL кезекті сессиясында облыс басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл қазақтың ұлы ойшылы және ақыны - Абайдың 175 жылдығы. Мерейтойлық датаға сәйкес Семей қаласында және Абай ауданында 13,5 млрд. теңгеге құрылыс, абаттандыру және реконструкция бойынша инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда», - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, Қарауыл ауылында 300 орындық мектептің және су құбырының құрылысы аяқталып қалды.
«Абай кешенінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілуде. Аумақты абаттандыру, саябақ пен мұражайдың құрылысы, сондай-ақ жолдарды жөндеу жұмыстары іске асырылуда», - дейді ол.