Абай күніне арналған Димаш челленджі: Кімдер қолдау көрсетіп жатыр

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтары танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Абай күніне» орай бастаған челленджін қолдап, әлеуметтік желіде ұлы ақынның өлеңдерін оқыған бейнежазбаларын жариялап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай күні» қарсаңында Димаш Құдайберген бастаған челленджді қабылдап, барлық достарыма, әріптестеріме, мәдениет, өнер және руханият саласының жанашырларына жолдаймын. Челленджге қатысу үшін Абай Құнанбайұлының кез-келген шығармасынан үзінді оқып, #abaychallange хэштегімен желіде жариялауға болады», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook парақшасында.

Мәдениет министрі Абай Құнанбайұлының «Әсемпаз болма әрнеге» деп аталатын өлеңін оқыды.

«Армысыздар құрметті қазақстандықтар! Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген Dimash Kudaibergen хакім Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай #Аbaychallenge челленджін бастаған. Осыған орай, ұлы Абай атамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мәңгілік мұрасынан үзінді тарту етемін», - деген Президент Іс басқармасы медицина орталығының басшысы Алексей Цойда Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің 6 шумағын жатқан оқып берді.

Ал, Көкшетау қаласындағы Жоғары медицина мектебінде білім алып жатқан пәкістандық студент Faiz Ali «Көзімның қарасы» әнін нақышына келтіре орындады.

Қостанай облыстық полиция департаментінің полицейлері де челленджіге үн қосып, «Kostanay plaza» сауда ойын-сауық орталығында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады.

Димаштың челленджіне мемлекеттік қызметшілер, қарапайым азаматтар, мектеп оқушылары, ұстаздар қауымы кеңінен қолдау көрсетіп жатыр.