деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл байқау бүгінгі таңда Қазнет пен отандық инновациялық қорлар үшін маңызды болып отыр.
Осыдан төрт ай бұрын Қазнеттегі ең жақсы деген жобаларға байқау жарияланған болатын. Сол шараның қорытындысы бойынша кеше ең үздік деген интернет сайттардың жобалары әр түрлі аталым бойынша AWARD.kz 2009 ұлттық интернет сыйлығына ие болды.
«Масс-медиа» аталымы бойынша Газета.kz үздік деп танылса, Афиша.kz «Мәдениет және өнер сайты» аталымын жеңіп алды. Сондай-ақ «Қазнеттің дамуына үлес қосқаны үшін» аталымына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті лайық деп тапса, «ең үздік қазақ тілді сайт» аталымы ABAY.kz сайтына бұйырды.
«Бүгін біздің айымыз оңынан туып, қуанышты күн болып отыр. Жалпы бұл байқауға біз бірінші рет қатысып отырмыз, ABAY.kz ақпарттық порталы осы жылдың 15 сәуірінде құрылып, 5-6 айдың ішінде өзінің тұрақты оқырманын тауып отыр. Мұндай шаралар әр сайттарға серпін береді, адамдарды одан ары ынталандыра түседі. Сондықтан осындай байқаулар жиі ұйымдастырылып тұрса жаман болмас еді», дейді ABAY.kz сайтының өкілі Өркен Кенжебеков.