Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша, 27 қыркүйекте Астана уақытымен 22 сағат 51 минутта жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 852 шақырым жерде - Абай облысы аумағында орналасқан.

Жер сілкінісі Семей қаласында 2 балл шамасында сезілді.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің 10 қадамы:

  1. Үрейленбеңіз.

  2. Лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.

  3. Жиһаздан, терезеден алшақ тұрыңыз.

  4. Жасырынатын жерді табыңыз: жоғарғы қабаттарда негізгі қабырғалардың бұрышында жасырыңыз.

  5. Егер төменгі қабатта болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Көпқабатты үйлерде дүмпу тоқтаған соң сыртқа шығыңыз.

  6. Мүмкін болса, суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.

  7. Алдын ала дайындалған дабыл сөмкесін алыңыз.

  8. Электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан аулақ болыңыз.

  9. Қайталама дүмпулерге дайын болыңыз.

  10. Қарттарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.

Еске салайық, жақында Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас орналасқан облысында жер сілкінді.