Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Көкпекті ауданындағы «Арлан» шығармашылық орталығы шығармашыл адамдардың бас қосатын жеріне айналмақ. Мұнда көптеген үйірме бар. Соның ішінде халық билері, домбыра, кескіндеме және сурет салу.
«Бұл орталықта тәрбиеленушілер тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа дүниелерді үйренеді. Орталықта 100-ге жуық бала сурет салу және көркем еңбекпен айналыса алады. Сондай-ақ 220 балаға арналған би залы бар», - делінген ақпаратта.
Бүгінгі таңда орталыққа 4 адам жұмыс істейді, атап айтқанда, әкімші, сурет мұғалімі, домбыра мұғалімі және хореограф. Орталық сапалы сабақтар мен іс-шараларды өткізу үшін қажетті жабдықтармен және техникалық құралдармен толықтай қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдың мамыр айында республика көлемінде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерінде балалардың сабақтарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу туралы реформа басталған еді. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – дені сау, мәдени және шығармашылық жағынан дамыған тұлға тәрбиелеу.