Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр

Фото: Ағыбай аяпбергенов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысының 6 айдағы көрсеткіштері мәз емес екенін айта келіп, өңір әкімі Берік Уәлиден оның себебін сұрады.

Әкім баяндамасынан кейін Үкімет басшысы министрлерге Абай облысына қолдау көрсетуді тапсырды.

— Үкімет мүшелеріне айтатыным, Абай облысын қолдау керек. Жаңадан құрылған өңір. Республикалық бюджеттен жіберілетін қаражат көлемі жеткіліксіз. Оның бәрін ескеріп, көбейту керек, қолдау көрсету керек, — деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында елдегі ветеринариялық стансалардың техникалық жағдайы қаншалықты мүшкіл екенін баяндады. Айтуынша, Абай облысындағы 10 ауданның жетеуінде ветеринариялық станса жоқ.