Абай облысында 20 жастағы қыздың өлімі бойынша күдікті ұсталды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы Бородулиха ауданында полиция 20 жастағы қыздың өлімі бойынша күдіктіні ұстады.

Фото: ІІМ

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Бородулиха ауылында болған. 

— 20 жастағы тұрғынының қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Танысу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жолданады, — делінген ақпаратта.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, қыз пышақ жарақатынан көз жұмған.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы әшкереленгені хабарланған.