Абай облысында 26 адам ата-ана құқығынан айырылды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Жазғы уақытта, әсіресе жасөспірімдерде бос уақыт көп болған кезде, құқық қорғау органдары жастар көп жиналатын жерлерде үздіксіз рейд жүргізеді.
Басты міндет – кәмелетке толмағандар арасындағы, сондай-ақ оларға қатысты қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
«Жыл басынан бері заңды өкілдер өздерінің ата-аналық міндеттерін орындамағанына қатысты 316 факт анықталды, 26 азамат ата-ана құқығынан айырылды. Бүгінде 121 тұрмысы нашар отбасы есепте тұр. Түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген 84 кәмелетке толмаған бала есепке алынды», - деп хабарлады Абай облысы Полиция департаментінен.
Полиция Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша балалар мен жасөспірімдер сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерлерде жүруге тыйым салынғанын еске салды.