Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын әшкереледі.
«Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес, аталған қызметкерлерге диплом берілмеген», — деп жазды бақылаушы органнан.
Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттар жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Айта кетейік, Ақмола облысында жалған құжатпен жүрген жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз.