Абай облысында «Абай күні» қалай өтіп жатыр - фоторепортаж

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралардың соңғы күні дәл қазір ақынның туған жері – Абай ауданында өтіп жатыр. Сол тойдың кей сәттерін Kazinform тілшісі назарларыңызға ұсынады.

Абай күнінде абайлықтар азаннан ерте тұрып, Қарауылға қарай бет түзеді. Тек өңір халқы емес, Қазақстанның түгел дерлік облысы мен шетелден де қонақтар келген.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Жиналған жұртқа арналып ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Әр киіз үйді қала, аудан әкімдіктері, басқармалар, департаменттер мен түрлі ұйымдар тұрғызған. Абай мерейтойындағы киіз үй саны да тұп-тура 180-ге жетеді.

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Киіз үйлер ішінде дастархан жайылған. Бірақ "қазір той қуалайтын емес, ой қуалайтын заман" деп Президент айтқандай, аста-төк қылып емес, тек бірнеше тағам түрлері қойылған.

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сыртта халыққа қол жуғыш та қойылыпты. Сабын мен орамал да тұр.

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Тазалыққа ерекше мән беріліпті. Қоқыс жәшіктері толып қалмасын деп жұмысшылар лезде тазалап қойып жатыр. 

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ал басқа бір жақта сауда-саттықтың көркін келтіргендер көп. 

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Жұрт назарына Абайдың кітаптары, хакім аты жазылған кәдесыйлар, ыдыстар, ұлттық оюмен өрнектелген киім-кешек, тақия, домбыра, қамшы және басқа да түрлі тауарлар ұсынылған.

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Жүрек жалғағысы келгендер кәуәп пісіріп жатқандардың қасына жақындайды. 

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Көліктің көптігі сонша кей жүргізушілер жерден тұрақ таппай темір тұлпарларын тау бөктеріне қойып кеткен. 

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Жиналғандар үшін әжетханалар салыныпты. Патшалар жаяу баратын жерде ешқандай кезек жоқ.

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Жастар мен балалар алтыбақанға отырып, мәз-мейрам. 

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сахнада Абайға арналған театрландырылған қойылым қойылып, әншілер ән мен биден шашу шашты.

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Қазір концерт бітіп, ел бәйге көруге бет түзеген. 

Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Кешке қарай "Желсіз түнде жарық ай" гала-концерті болып, көмейіне бұлбұл ұялаған танымал әншілер өнер көрсетпек. Сондықтан ешкім де үйіне қайтуға асығар емес.

Еске салсақ, осыған дейін Абай тойында 10 жасар Алинұр сауданы қыздырып жүргені жайлы жазғанбыз.