Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалың қар жауып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар автокөлік жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
- 30 желтоқсан сағат 22.30-дан бастап «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 1013-1062 шақырымы (Абай облысының шекарасы мен Алмасай ауылына бұрылыс арасындағы жол) жабылды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін жаңа жыл кешінде жол жағдайы қандай болатындығы хабарланған.