Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бекеттер ұйымдастырып, жол жағдайын бақылауды жалғастырып, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, жылу пунктеріне 52-ден астам адам, оның ішінде 4 бала жеткізіліп, орналастырылды.
Айта кетейік, ШҚО-да боран мен көктайғаққа байланысты 3 жолда көлік қозғалысы шектелді.
Бұған дейін Қазақстанда 24 қараша күні бірқатар өңірде жолдарда қозғалыс шектеуі сақталып отырғандығы хабарланған.