Абай облысында автобус жолда қалып, 35 адам эвакуацияланды

Фото: Видеодан скрин

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ құтқарушылары 35 адамды жылыту пунктіне жеткізді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Абай облысының Жарма ауданында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелуіне байланысты Калбатау ауылының блок-бекетінде «Зайсан — Өскемен» бағытындағы 35 жолаушысы бар автобус қалып қойды.

— ТЖМ құтқарушылары полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірге 35 адамды, оның ішінде 5 бала, жақын маңдағы жылыту пункттеріне жеткізіп орналастырды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады, — делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ дауылды ескертулерді ескеруді және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады.

Бұдан бұрын  Павлодар облысында қолайсыз ауа райында жолда қалған 43 адам құтқарылғанын жазғанбыз.