СЕМЕЙ. KAZINFORM — Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 2022-2023 жылдар аралығында битум сату кезінде монополияға қарсы, салықтық және салалық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Шара Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмысын қамтыды.
Кәсіпкерлердің жеңілдікпен битум алуға өтінішін қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау, сондай-ақ битумды біркелкі бөлуді қамтамасыз ету бойынша шешім қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталды.
Осы факті бойынша прокуратура облыс әкімдігіне ұсыныс енгізді.
Алайда, басқарма басшысының м. а. заңдылықтың бұзылуын жоюға шараларды қолданбаған, сонымен қатар қадағалау актісін қарау мерзімін бұзған.
Осыған байланысты оған прокурордың ұсынысы бойынша шара қолданбағаны үшін ҚР ӘҚБтК 664-бабы бойынша айыппұл салынды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.