Абай облысында биыл 161 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Фото: Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысында әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда. Жыл басынан бері өңірде 161 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлаған, деп хабарлайды Kazinform

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселесін шешуге бағытталған аймақтық қоғамдық жұмыс тобының отырысы өтті.

Фото: Абай облысы әкімдігі

«Отырыс барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, Аягөз ауданы бойынша көпбалалы отбасылармен жұмыс істейтін комиссияның атқарған жұмысы, Семей қаласының Комсомол кентінің инфрақұрылымын дамыту (жолаушылар тасымалы, жарықтандыру, аялдама, жол жөндеу және т.б.), жеке сот орындаушыларының алиментті өндіру жұмыстары талқыланды. Мәселен, жыл басынан бері 527 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Оның ішінде әлеуметтік жағынан осал отбасылар – 244, көпбалалы отбасылар – 161, жетім балалар – 55, баспанасы апатты жағдайда деп танылған ҚР азаматы – 14 отбасы. Жыл соңына дейін тағы 150-ге жуық пәтер беру жоспарланған», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен.

Қазіргі таңда өңір бойынша мемлекет қаржысына 26 несиелік тұрғын үй салынып жатыр.

Фото: Абай облысы әкімдігі

Сол арқылы баспанаға мұқтаж тұрғындарға 1500-ге жуық пәтер кілтін табыстауға мүмкіндік берілмек.

Жиын қорытындысында көтерілген мәселелерді Абай облысының әкімі протоколға енгізіп, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Фото: Абай облысы әкімдігі