Абай облысында биыл cәбилерге қандай ерекше есімдер қойылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында жыл басынан бері 4000-нан астам бала дүниеге келген. Олардың кейбіреулеріне ерекше есім қойылған.

Фото: gov.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ Абай облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 4000-нан астам бала туған.

«Қыз балалар арасында ең танымал есімдер - Томирис, Айлана, Аруна болса, ұлдар арасында Ханторе, Арсен және Айбар есімдері алдыңғы қатарға шықты. Бұл есімдер жаңа туған нәрестелерге 20-дан астам рет қойылған», - делінген ақпаратта.

Кейбір ата-аналар балаларына ерекше ат қойған. Мысалы, Румайса есімді қыз және Ильдан есімді ұл бір рет қана тіркелген.

«Еске сала кетейік, нәрестенің тууын тіркеуге өтініш берудің бірнеше жолы бар. Атап айтқанда, ХҚКО немесе электрондық үкімет порталы арқылы. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы. Бұдан бөлек, азаматтар бұл қызметті проактивті форматта ала алады. Яғни, жаңа туған нәрестенің анасына 1414 нөмірінен қызметті көрсетуге қажетті ақпарат сұралған құттықтау SMS жіберіледі», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда шала туған сәбилерге қандай күтім көрсетілетіндігін хабарлаған едік.