Ал Абай облысында күннің суығына байланысты кейбір мектеп оқушылары онлайн білім алады.
Атап айтқанда, I ауысымда: Көкпекті ауданындағы 3 мектептің 1-11 сынып оқушылары, 2 мектептің 1-9 сынып оқушылары, Ақсуат ауданындағы 16 мектептің 1-11 сынып оқушылары, Жарма ауданындағы 8 мектептің 1-4 сынып, 3 мектептің 1-9 сынып, 3 мектептің 1-11 сынып оқушылары, Бородулиха ауданындағы 26 мектептің 1-11 сынып оқушылары, Бесқарағай ауданындағы 8 мектептің 1-11 сынып, 2 мектептің 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
«Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Астанада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқитынын жаздық.
Сондай-ақ Павлодарда 1 ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды.